Араб компаниясы Өзбекстанда күн электр станциясының құрылысын бастады
Біріккен Араб Әмірлігінің «Masdar» компаниясы Науаиы облысының Кармана ауданында күн фотоэлектр станциясының құрылысын бастады.
Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы қуаты 100 МВт-тық ФЭС құрылысының жобасы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асырылуда. Электр станциясын пайдалануға беру осы жылдың қазан айына жоспарланған болып, бұл жаңартылатын энергия көздері негізінде жұмыс істейтін елдегі алғашқы өнеркәсіптік электр станциясы болады.
