Қарақалпақстанда «Ақындар аллеясы» ашылып оған Абай ескерткіші орнатылды
Аллеядағы ақындар бюсты қасына өшпестей мәңгілік туындылары арасында шоқжұлдызға айналып кеткен өлеңінен бір шумақтан жазып қалдырған
Қарақалпақстанның Мойнақ ауданы орталығында жаңадан «Ақындар аллеясы» ашылып оған әдебиетте өшпестей із қалдырған Әлишер Науаи, Әжинияз, Бердақ, Күнқожа, Абай, Пушкин және Мактумқули сынды ақындардың бюст ескеркіші орнатылған.
Бас прокуратураның қолдауымен бой көтерген осынау аллеядағы ақындар бюсты қасына мәңгілік мөрлі туындылары арасында шоқжұлдызға айналып кеткен өлеңінен бір шумақтан жазып қалдырған.
«Ақындар аллеясы» жастардың рухани және мәдени деңгейін көтеретін, оқуға деген қызығушылығын арттыратын, сонымен қатар көрші халық ақындарының өмірі мен шығармашылығымен танысатын ерекше кешенге айналды. Бұл аллеяда алдағы уақытта түрлі мәдени шаралар мен түрлі көрмелердің өтуіде ғажап емес.


Е.Қанаатов, М.Хабибуллаев(сурет)