English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қарақалпақстан «Жоғары Кеңесіне» жаңа басшы сайланды
14:06 / 2020-10-02

Президент Шавкат мирзияев бүгін Қарақалпақстан Республикасы «Жоғары Кеңесінің» кезекен тыс өтетін сессиясына қатысу үшін Нүкіс қаласына сапармен барды


Президент Шавкат мирзияев бүгін Қарақалпақстан Республикасы «Жоғары Кеңесінің» кезекен тыс өтетін сессиясына қатысу үшін Нүкіс қаласына сапармен барды.

Жиында кезектен тыс өтіп жатқан сессияның хатшылығы сайланып күн тәртібі бекітілді және ақсақалдар кеңесі мен есеп комиссиясының құрамы жасақталды. Содан кейін ақсақалдар кеңесінің ақылдасуымен «Жоғары Кеңестің» жаңа басшысы ретінде Камалов Мурат Қаллибекович кандитаты ұсынылды.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев жиында ақсақалдар кеңесіні ұсынған Мұрат Камаловты жақсы танитынын, өз жұмысына адал қызмет етіп келе жатқанын айтып, оның адами қасиеттерін және көшбасшылық қабілеттерін ескере отырып кандидатурасына келісімін білдірді.

Жоғарғы Кеңестің депутаттары да, қоғам өкілдері сөз сөйлеп Мұрат Камаловтың кандидатурасын қолдау көрсетті. Осылайша жасырын дауыс беру арқылы Мұрат Камалов Қарақалпақстан Республикасы «Жоғарғы Кеңесінің» жаңа төрағасы болып сайланды.