Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ақтөбе облысында газ өңдеу зауытынан өрт шықты
10:09 / 2023-05-02

Қазақстанның Ақтөбе облысы Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытынан өрт шықты.

Turkystan.kz порталының хабарлауынша, оқиға 1 мамыр сағат 15:55 шамасында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртенді.

«Күйік шалған 4 жұмысшы тез арада Темір ауданы орталық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты ауыр», – делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен облыстық ТЖД өкілдері оқиға орнын әуеден тексерген. Өрт сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылған.

Оқиғаның себеп-салдары анықталады.

Өрт 2 мамыр таңғы сағат 06.20-да толықтай сөндірілгені айтылады хабарламада.