АҚШ жүк көліктерінің жүргізушілеріне виза беруді тоқтатты
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио X желісіндегі парақшасында ел үкіметі шетелдік жүк көліктері жүргізушілеріне жұмыс визасын беруді дереу тоқтататынын хабарлады.
«АҚШ жолдарында тіркеме алып жүк көліктерін жүргізетін шетелдік жүргізушілер санының артып бара жатқаны америкалықтардың өмірін қауіпке тігіп, америкалық жүргізушілердің табысына нұқсан келтіруде», — деп жазды Рубио.
Мәліметтерге қарағанда, кейбір шетелдіктерге АҚШ-қа кіру үшін виза алу барысында қосымша 15 мың долларға дейін кепіл ақша талап етіледі. Бұл кепіл шетел азаматы АҚШ-тан уақытында шығып кеткен жағдайда қайтарылып беріледі.