АҚШ ЮНЕСКО құрамынан қайта шығады
Трамп әкімшілігі бұл ұйымды «Палестина мен Қытайды жақтайды» деп айыптауда.
АҚШ президенті Дональд Трамп Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі агенттігі - ЮНЕСКО-дан шығу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Анна Келли мәлімдеді.
Оның айтуынша, АҚШ-тың мұндай шешім қабылдауына ЮНЕСКО-ның «қараша айында америкалықтар дауыс берген салауатты ой мен саясатқа мүлдем қайшы келетін, даулы әрі қарама-қайшы мәдени және әлеуметтік жобаларды» қолдауы себеп болған.
New York Post басылымының дерегінше, Трамп әкімшілігі ЮНЕСКО-ны «Палестина мен Қытайды жақтайтын» ұйым деп санайды.