Америка Құрама Штаттары тоғыз қытайлық компанияны қара тізімге енгізді. Олардың арасында «Xiaomi Corp.» және «Advanced Micro-Fabric Equipment Inc.» компаниялары да бар.
The Wall StreetJournal-ның хабырына сай, Құрама Штаттар қытай компанияларының тізімін кеңейтті, олардың акцияларына американдық инвесторларға жақын арада инвестиция салуға тыйым салынады және бұл компаниялар қараша айында жарияланған президент жарлығына бағынады, делінген.
Осы жағдайдан кейін Xiaomi депозитарлық қолхаттары АҚШ-тағы биржадан тыс нарықта сатылып,14 қаңтарда олардың бағасы 9,4 пайызға төмендеді. Бірақ «FactSet» таратқан хабарда Гонконг қор биржасында компанияның нарықтық құны бір жыл ішінде 2,7 есе өскен және қазір шамамен 107 млрд долларды құрайтыны жарияланды.
Осы аптада АҚШ шенеуніктері Қытайдың «Alibaba Group Holding Ltd», «Baidu Inc» және «Tencent Holdings Ltd» компанияларын қара тізімге енгізуі жайлы хабар тараған болып, кейінірек АҚШ үкіметінің бұл компанияларды қара тізімге қоспау туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.
Бұған дейін, 2020 жылдың қарашасында қазіргі президент Дональд Трамп АҚШ-тың бөлшек және институционалдық инвесторларына қытай компанияларының акцияларына иелік етуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды, бұл Ақ үй қорғаныс секторына және Қытайдың барлау қызметіне тиесілі деп мәлімдеді.
Желтоқсан айында атаулы «қара тізім» 35 компаниямен толықтырылды. АҚШ-тық инвесторларға осы компанияларға тиесілі активтерін сатуға бір жыл уақыт берілген.