АҚШ Украинаға тағы бір әскери көмек пакетін мақұлдады
АҚШ билігі Украинаға әскери көмектің жаңа пакетін дайындады, оның құрамына оқ-дәрілер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар және минадан тазарту құралдары бар.
«Бүгін Байден мен Харрис әкімшілігі Украинаға әскери көмек көрсетудің жаңа пакетін жариялайды», - деді Жан-Пьер баспасөз брифингінде.
Жаңа көмек пакетіне қосымша миналардан тазарту құралдары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандары, артиллериялық және HIMARS жүйелеріне арналған оқ-дәрілер және 3 миллионнан астам атыс қаруының оқ-дәрілері бар.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, бұл көмек пакеті аясында Украинаға жеткізілетін қару-жарақ пен техниканың жалпы құны 250 миллион долларды құрайды.