АҚШ Президенті Джо Байден Украинаға Ресей аумағындағы нысандарға соққы беру үшін ұзақ қашықтыққа арналған ATACMS зымырандарын қолдануға рұқсат берді.
The New York Post басылымының хабарлауынша, аталған соққылар ең алдымен Курск облысындағы Ресей және Солтүстік Корея әскери күштеріне бағытталмақ.
Байденнің бұл шешімі АҚШ-тың саясатына айтарлықтай өзгеріс әкелді. Ол бұрынғы президент Дональд Трамптың инаугурациясына екі ай қалғанда қабылданды.
«Украинаға ATACMS зымырандарын қолдануға рұқсат беру Ресейдің Солтүстік Корея әскерін соғысқа жіберу туралы күтпеген шешіміне жауап болды», – делінген хабарламада.
АҚШ әкімшілігіндегі Байденнің кеңесшілері арасында Ресей аумағына соққы жасау үшін ATACMS-ті қолдану туралы әртүрлі пікір бар. Қазіргі уақытта зымырандар тек Курск облысындағы нысандарға бағытталғаны айтылған. Дегенмен, болашақта Байденнің бұл қаруды басқа аймақтарда да қолдануға рұқсат беруі мүмкін.
Le Figaro басылымы хабарлауынша, АҚШ-тың әрекетінен кейін Франция мен Ұлыбритания да, Украинаға Ресей аумағына соққы беру үшін өздерінің ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолдануға рұқсат берді.
Хабарламада SCALP және Storm Shadow зымырандары туралы сөз қозғалған.