АҚШ Украинаға «Abrams» танктерінің бірінші партиясын жеткізуге рұқсат берді
АҚШ Киевке «Abrams» танктерінің бірінші партиясын жіберуді мақұлдады.
АҚШ армиясының сатып алу департаментінің басшысы Даг Буштың айтуынша, танктер Киевке оқ-дәрі, қосалқы бөлшектер, жанармай құю және жөндеу жабдықтарымен бірге жеткізіледі.
CNN мәліметінше, Украинаға жіберілетін 31 танк бірнеше ай бойы жөнделіп, жөнелтуге дайындалды, ал жеткізуді бастауға рұқсат 5 және 6 тамыздағы демалыс күндері алынған.
Еске салар болсақ, осы жылдың мамырдың соңы - маусым айының басында американдық нұсқаушылар Германиядағы Графенвиер полигонында УҚК сарбаздарын «Abrams» танктерін басқаруға үйрете бастаған еді.