Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ Тәжікстанға 1,5 миллион доза Moderna вакцинасын жеткізді
09:25 / 2021-07-26

26 шілдеге қараған түні Душанбе қаласындағы Халықаралық әуежайға 1,5 миллион доза Moderna вакцинасы АҚШ-тан Turkish Airlines әуе компаниясының арнайы рейсімен жеткізілді.

Бұл туралы Тәжікстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Өткен аптада АҚШ Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысының орынбасары Джалина Портер брифингте АҚШ коронавируспен күресу үшін 23 елге (оның ішінде Тәжікстанға) 22 миллион доза вакцина жібергенін айтты.

Бұл Тәжікстанға жеткізілген Moderna вакцинасының алғашқы партиясы.

Душанбеде 25 маусымда 18 жастан асқан адамдарға коронавирустық вакцинация науқаны басталды. Қазіргі уақытта елде осы мақсатта AstraZeneca вакцинасынасының үнді баламасы және қытайлық CoronaVac вакцинасы қолданылуда.