АҚШ-тың сауда өкілі Кэтрин Тай Өзбекстанға келеді
АҚШ-тың сауда өкілі Кэтрин Тай биылғы жылдың 11-12 маусым күндері Өзбекстанда болады. Сапар барысында АҚШ өкілі Тай ел басшылығы, ресми тұлғалар, үкімет мүшелері және министрлермен кездеседі деп күтілуде.
Сәрсенбі күні мәртебелі мейман Самарқандқа барады, қаланың көрікті жерлерін тамашалайды.
АҚШ өкілінің сапар бағдарламасынан Қазақстан астанасына бару да енгізілген.
Елші сондай-ақ Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан ресми тұлғаларының қатысуымен өтетін Америка Құрама Штаттары – Орталық Азия сауда және инвестициялық негіздемелік келісім отырысына қатысады.