Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-тың ірі компаниясы Ташкент облысында «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыруы мүмкін
12:38 / 2024-07-17

АҚШ-тың ірі S+N Associates, Ins. компаниясы Ташкент облысының Нурафшон қаласында «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыруы мүмкін.

Облыс әкімшілігінің хабарлауынша, осы жоба жайлы облыс әкімі З.Мирзаев S+N Associates, Ins. компаниясының директоры Рональд Джеймс Хаббард бастаған делегацияны қабылдады.

40 жылдан астам уақыт бойы әлемнің беделді елдерінде жаңа әуежайлар, қонақүйлер, университеттер, сауда және қызмет көрсету нысандары, сондай-ақ жаңа қалалар салумен айналысып келе жатқан бұл ірі компания Нурафшан қаласында 1600 гектар аумаққа«Ақылды қала» технологиясы негізінде қаланың құрылысы ұсынған.

«Құны 10-15 миллиард долларды құрайтын бұл жобаға қосымша 15-тен астам ірі инвестор тарту, бастапқыда жергілікті өнімнен арзан әрі сапалы құрылыс материалдарын шығаратын зауыт құру туралы ұсыныс талқыланды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Ақылды қала» құрамында мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар, медициналық және білім ордаларының болуымен қатар, өңірде индустриялық аймақтар мен технопарктерді орналастыру арқылы тағы да көп жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктері қарастырылған.

Бұдан бөлек, Ташкент қаласымен байланыстыратын жүрдек пойызды іске қосу ұсынылған.

Кездесу соңында барлық талқыланған және ынтымақтастық туралы мәселелер бойынша екі аймақ арасында Меморандумға қол қою келісілгені айтылады ведомство ақпаратында.