АҚШ-тың Қытайдағы елшісінің электрондық поштасына шабуыл жасалды
Қытай үкіметімен байланысы бар хакерлер АҚШ-тың Бейжіңдегі елшісі Николас Бернстің электронды поштасын бұзып, жүздеген мың хат-хабар алған.
«Wall Street Journal» газеті хабарлауынша, Мемлекеттік департаменттің Шығыс Азия бойынша кураторы Дэниел Критенбринк те киберқылмыскерлерден зардап шеккен.
Мақалада екі дипломаттың электрондық пошталарында құпия емес құжаттар болған, бірақ хакерлер АҚШ шенеуніктерінің сапарларын жоспарлағаны және екіжақты қарым-қатынастар бойынша кеңсе ішілік байланыстардың егжей-тегжейлері туралы ақпаратты алғаны айтылады хабарламада.