АҚШ-тың Орегон штатында атыс болып, алты адам жараланды
АҚШ-тың Юджин қаласындағы (Орегон штаты) WOW Hall музыкалық залында концерт кезінде атыс болып, алты адам жараланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, бес адам жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Кейінірек зардап шеккендердің саны алтыға дейін өсті. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, делінген қалалық полиция департаментінің Twitter-дегі хабарламасында.
Жұма күнгі кешкі уақытта болған осы оқиғаға байланысты әзірге бір күдікті қамауға алынған.