Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-тың мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, екі адам зардап шекті
10:12 / 2023-04-26

АҚШ-тың Иллинойс штатындағы мұнай өңдеу зауытында болған жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті.

NBC Chicago телеарнасының хабарлауынша, оқиға Лемонт қаласында Seneca Petroleum компаниясына тиесілі кәсіпорында болған.

Patch басылымының дерегінше, зауыт аумағында болған өрт бақылауға алынған. Оны сөндіруге қаланың барлық өрт сөндіру бөлімдері қатысқаны айтылады хабарламада.