АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 35 триллион доллардан асты
АҚШ-тың жалпы мемлекеттік қарызы алғаш рет 35 триллион доллардан асты.
Құрама Штаттар Қаржы министрлігінің хабарлауынша, 29 шілдедегі жағдай бойынша АҚШ Мемлекеттік департаментінің веб-сайтында «жалпы ұлттық қарыз» бағанында 35 триллион доллар көрсетілген. Қаңтар айының басында АҚШ-тың мемлекеттік қарызы алғаш рет 34 триллион доллардан асқан еді.
АҚШ Конгресінің Бюджеттік кеңсесінің мәліметі бойынша, 2034 жылға қарай АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 50,7 триллион долларға немесе елдің ЖІӨ-нің 122 пайызына дейін артады.
Сондай-ақ АҚШ бюджетінің тапшылығы 2024 жылы 1,9 триллион долларға жетіп, 2034 жылға қарай 2,8 триллион долларға дейін өседі.