Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-тың ғарыш аппараты Айға қонды
15:43 / 2025-03-03

АҚШ-тың Firefly Aerospace компаниясына тиесілі Blue Ghost ғарыш аппараты Айға сәтті қонды.

NASA баспасөз қызметінің мәліметінше, Айға қону 2 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 13:34-те жүзеге асқан. Қону нүктесі – Айдың Жерден көрінетін бетінде орналасқан Қауіпті теңізі аймағындағы Латрейл тауы маңы. Бұл аймақ өте тұрақсыз климаттық жағдайларымен ерекшеленетіндіктен, осылай аталған.

Айға қонған модуль 15 қаңтар күні SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны көмегімен ғарышқа аттанған еді. Ғарыш аппаратында NASA-ға тиесілі он зерттеу құрылғысы бар, олар Ай туралы маңызды мәліметтер жинап, болашақ миссияларға дайындық жасауға көмектеседі.

Falcon 9 зымыраны сондай-ақ жапондық HAKUTO-R Mission 2 (Resilience) ай модулін де ғарышқа алып шыққан. Бұл аппарат сәуір айында Айға шағын роверді жеткізуді жоспарлап отыр.