АҚШ-тың бұрынғы президенті Трамп қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылды
Нью-Йорк қазылар алқасы АҚШ тарихында алғаш рет бұрынғы президент Дональд Трампқа қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпты үкім шығарды.
Deutsche Welle мәліметінше, он екі алқаби бұрынғы президентті Трамптың 2016 жылғы қайта сайлау науқанына сес көрсеткен актриса Сторми Дэниэлске төлемдерді жасыру үшін бизнес жазбаларын бұрмалағаны үшін айыптады.
Трамп барлық 34 бап бойынша кінәлі деп танылды. Ол 34 бұрмаланған жазбалардың әрқайсысы бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін - барлығы 136 жыл. Үкімді судья Хуан Меркан 11 шілдеде өтетін арнайы сот отырысында анықтайды.
Дональд Трамп қазылар алқасының үкімі түпкілікті емес екенін мәлімдеген. Трамптың адвокаты шешімге шағымданатынын жеткізген.
Соттың қорытындысына қарамастан, Дональд Трамп президенттік сайлауға түсіп, тіпті жеңіске жетуі мүмкін.