АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Өзбекстанға келеді
2022 жылдың 26-28 мамыр күндері АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Томас Уэст бастаған АҚШ делегациясы Өзбекстанға сапармен келеді.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, АҚШ делегациясы Өзбекстан үкіметінің өкілдері, оның ішінде Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов және Өзбекстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Эргашевпен келіссөздер жүргізеді.
Хабарда айтылуынша, келіссөздер барысында Ауғанстандағы қазіргі жағдай жайлы пікір алмасылып, сндай-ақ осы елге гуманитарлық көмек көрсету жайы сөз болады.