АҚШ-тың Аризона штатында екі ұшақ әуеде соқтығысты
АҚШ-тың Аризона штатындағы Марана әуежайында екі ұшақ әуеде соқтығысты.
Марана полиция басқармасының мәліметіне сәйкес, жеңіл моторлы Cessna 172S және Lancair 360 MK II ұшақтары әуеде бір-бірімен соқтығысып қалған.
Әр ұшақта тек бір-бір ұшқыштан болған, өкінішке қарай, екеуі де апат салдарынан қаза тапты.