АҚШ: Трамптың Лос-Анджелеске әскер жіберуі жаппай сынға ұшырады
АҚШ Президенті Дональд Трамп иммигранттарға қатысты үкімет саясатына қарсы басталған жаппай наразылықтарды басу мақсатында Лос-Анджелеске 700 теңіз жаяу әскері мен 2000 Ұлттық гвардия сарбазын жіберу туралы шешім қабылдады.
Алайда бұл қадам жергілікті билік пен құқық қорғау органдары тарапынан сынға ұшырады. Олар қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келуі мүмкін екенін алға тартып, қалада әскери күштерге қажеттілік жоғын мәлімдеді.
Калифорния штатының губернаторы Трамптың бұл әрекетін заңсыз деп танып, оның келісімінсіз әскер кіргізгені үшін сотқа шағым түсірді. Айыптауға сәйкес, бұл шешім АҚШ Конституциясы мен штат егемендігін бұзады.
Бұл уақытта елдің өзге де ірі қалаларында – Сан-Франциско, Даллас, Остин, Бостон, Нью-Йорк және Филадельфияда – наразылық шаралары күшейіп, халық биліктің әрекеттеріне қарсылық білдіруде.