Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-тағы торнадо құрбандарының саны 32-ге жетті
10:14 / 2023-04-03

АҚШ-тың оңтүстік және орта батыс штаттарында қатты дауыл мен торнадо салдарынан кемінде 32 адам қаза тапты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Мемфисте қатты жел бірнеше үйде ағаштарды құлатқаннан кейін екі бала мен ересек адам өлі табылған. 

Теннесси полициясының мәліметінше, Макнэйри округінде штаттың тағы екі тұрғыны қайтыс болды. Сенбіде Теннессиде жеті адам көз жұмған болса, Индиана штатының жергілікті табиғи ресурстар департаменті ұлттық саябақтағы лагерьде екі адамның қаза тапқаны айтылған.

Бұған дейін Арканзас, Иллинойс, Делавэр, Миссисипи және Алабама штаттарында дауылдан 15 адам қайтыс болғаны хабарланған еді. Табиғи апат салдарынан ондаған адам зардап шекгіп, мыңдаған үй қираған.

АҚШ президенті Джо Байден 2 сәуірде Арканзастағы жағдайды «үлкен апат» деп жариялап, көмекке федералдық бюджеттен қаражат бөлуді тапсырды.