Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-тағы торнадо 300 мың үйді жарықсыз қалдырды
17:46 / 2023-04-01

Орталық Америка штаттарында соққан дауыл салдарынан 300 мыңға жуық үй жарықсыз қалды.

CNN-нің хабарлауынша, табиғи апат салдарынан Арканзас штатында үш адам қаза тапқан.

PowerOutage.us қызметінің мәліметінше, тұтынушылардың көпшілігі Иллинойс (105 334 үй), Арканзас (68 845 үй) және Индиана (33 205 үй) штаттарында зардап шеккен. Тағыда зардап шеккен штаттар қатарында Теннесси (25 204 тұтынушы), Айова (25 048), Висконсин (13 627), Миссури (16 580) және Мичиган (10 863) бар.