АҚШ-тағы су тасқынынан кейін 40-тан астам адам із-түзсіз жоғалды
АҚШ-тың Вирджиния штатындағы су тасқынынан кейін құтқарушылар мен полиция кем дегенде 44 адамды іздеп жатыр.
CNN-нің хабарлауынша, олармен байланыс үзілген және олардың қайда екені әлі белгісіз.
Сейсенбі күні басталған нөсер жаңбырдан кейін Бьюкенен округін су басты.
Табиғи апат салдарынан көптеген үйлер қирап, жолдар мен көпірлер бүлінген және байланыс кабельдері үзілген. Осы жағдайға байланысты штатта төтенше жағдай жарияланған.
Полицияның мәліметінше, табиғи апаттың ауыр зардаптарына қарамастан, қаза тапқандар жоқ.