АҚШ-тағы мектепте атыс болып, үш адам қаза тапты
АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы католик мектебінде атыс болды. АҚШ Әділет министрлігі кемінде үш адамның қаза тапқанын және жиырмадан астам адамның жараланғанын хабарлады.
CNN телеарнасының дерегінше, атысқа күдікті адамның өз-өзіне қол жұмсаған. Ол католик мектебінде таңғы құлшылық кезінде оқ жаудырған.
Полицияның мәліметінше, бұл Миннеаполисте 24 сағат ішінде болған төртінші ірі атыс.
АҚШ президенті Дональд Трамп оқиға орнында Федералдық тергеу бюросы жұмыс істеп жатқанын айтты.
«Мен Миннесота штатының Миннеаполис қаласында болған қайғылы атыс туралы толық ақпаратқа иемін. ФТБ дереу әрекет етті және оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр. Ақ үй бұл жағдайды бақылап отырады», – деп жазды Трамп Truth Social парақшасында.