АҚШ-тағы FedEx компаниясының қоймасында атыс болып сегіз адам көз жұмды
АҚШ-тың Индианаполис қаласындағы FedEx логистикалық компаниясының қоймасында атыс болып, оқиға кезінде сегіз адам көз жұмды.
ВВС-дің хабарлауынша, 15 сәуір кешке қаланың оңтүстік-батыс бөлігіндегі жергілікті әуежай маңында орналасқан FedEx компаниясының қоймасында қарулы адам оқ атып, сегіз адамды өлтіріп, соңынан қылмыскер өзін-өзі өлтірген.
Оқиға кезінде тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханалға түскен болып, зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр екендігі айтылады.
Қалалық полиция оқ атқан адамның жалғыз әрекет еткенін айтқан. Әзірше оның жеке басы туралы ештеңе мәлім емес. Қазіргі уақытта оқиға салдары анықталуда.