Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-тағы апаттан кейін Boeing 777 ұшағы тексерілетін болды
09:57 / 2021-02-22

21 ақпан күні бортында 231 жолаушысы мен 10 экипаж мүшесі бар Boeing 777-200 двигателінің бірі ұшу кезінде істен шыққанына орай, АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы (FAA) United Airlines авиакомпаниясының Pratt & Whitney PW4000 қозғалтқышымен жұмыс істейтін Boeing 777 ұшақтарды тексеруді талап етті.

Ұшақ 21 ақпанда Колорадо үстінен өтіп бара жатқанда қозғалтқышы істен шығып, двигател қаптамасы тұрғындар ауласына түсіп кеткен. Содан бері авиакомпания осындай қозғалтқыштары бар 24 Boeing 777 ұшағының ұшуларын шектеген.

Жапония үкіметіде осындай қозғалтқышты Боингтердің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдап, FAA-мен бірге тиісті ақпарат жинауда. Ресми Токио мұндай әуе кемесі бар жергілікті Nippon Airways және Japan Airlines авиакомпанияларын ұшуына тыйым салу туралы хабардар еткен.