French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-та жаппай атыс салдарынан 22 адам қаза тапты
10:05 / 2023-10-26

АҚШ-тың Мэн штатындағы Льюистон қаласында белгісіз біреу оқ жаудырып, салдарынан кем дегенде 22 адам қаза тапқан.

Полицияның мәліметінше, оқиғалар «әр түрлі жерлерде» болған. Атап айтқанда қаладағы үш жерде – Schemengees Bar and Grille мейрамханасында, Walmart дүкенінде және Sparetime Recreation ойын-сауық орталығында болғаны айтылады.

Шабуыл жасаған адам әлі бостандықта. Полиция қазірше күдіктінің суретін жариялаған. 

Мэн штатының губернаторы Джанет Миллс тұрғындардан «мемлекеттік және жергілікті құқық қорғау органдарының нұсқауларын орындауды» сұраған.