АҚШ-та «Ян» дауылынан 12 адам көз жұмды
АҚШ-тың Флорида штатында жойқын қираулар туғызған «Ян» дауылы салдарынан 12 адам көз жұмды.
АВС телеарнасының мәліметінше, дауылдың жылдамдығы сағатына 240 шақырымды құраған
Флорида губернаторы Рон ДеСантис құрбандардың санын есептеуге әлі ерте екенін айтып, жүздеген адамның тағдыры әлі де құтқарушылардың көмегіне байланысты деген.
«Ян» дауылы Флорида жағалауына 28 қыркүйек күні түстен кейін жетті. Дауылдың салдарынан көптеген ғимараттар қирап, ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Соның нәтижесінде 2,6 миллион тұтынушы жарықсыз қалған.