Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-та тәулік бойы коронавирустық өлім жағдайы рекорд орнатты
12:31 / 2020-12-10

АҚШ-та 24 сағат бойы коронавирустың салдарынан қайтыс болғандар саны 3 мыңнан асты. Бұл пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш.

The New York Times газетінің хабарлауынша, соңғы тәулікте Құрама Штаттарда коронавирустың салдарынан 3011 адам қайтыс болған. Бұған дейінгі рекорд 3 желтоқсанда тіркелген, сол кезде қайтыс болғандар саны 2879 жеткен еді. 

Басылымның мәліметінше, АҚШ коронавирус құрбандарының жалпы саны бойынша тағы бір үлкен санаққа жақын (олардың саны жақын арада 300 мың адамға жетуі мүмкін). Газетің хабарынша осы күнге дейін елде COVID-19 салдарынан кем дегенде 288 мың адам қайтыс болған.

Covid Tracking Project порталының дерегінше, қазіргі уақытта АҚШ-тағы ауруханаларда 106 мыңнан астам коронавирустық науқастар бар. Орташа алғанда, ел бойынша күніне 200 мыңнан астам адам ауырады.

Джонс Хокинс университетінің соңғы мәліметі бойынша қазір әлемде 68,9 млн жан тәжіндетін жұқтырған. Оның 15,3 млн АҚШ үлесіне тура келеді.