АҚШ-та табиғи апат салдарынан 18 адам қаза тапты
АҚШ-тың Арканзас, Кентукки, Оклахома және Техас штаттарында болған күшті торнадо мен дауыл салдарынан қаза тапқандар саны 18-ге жетті.
Техас губернаторы Грег Абботт мәлімдемесінде 100-ге жуық адамның жараланғанын, 200-ден астам ғимараттың қирағанын, дауылдың жылдамдығы аймақта сағатына 217 шақырымға жеткенін айтты.
Арканзас пен Миссуриде 170 мыңнан астам үй, Техас пен Оклахома штаттарында 30 мың үй жарықсыз қалды.
Дүйсенбі күні таңертең Кентукки губернаторы Энди Бешер осы жағдайға байланысты төтенше жағдай жариялады.