АҚШ-та су тасқынынан, кем дегенде бес адам қаза тапты
АҚШ-тың Луизиана штатында ұзаққа созылған жаңбыр мен дауыл қатты су тасқынын тудырды. Нәтижесінде жүздеген отбасы табиғи апаттан зардап шекгіп, 5 адам қайтыс болды.
Штат губернаторы Джон Бел Эдвардстың айтуынша, бес өлімнің төртеуі су тасқынымен байланысты болып, олардың көліктері суға батып кеткен.
Губернатор Эдвардс жауын мен дауылдың салдарынан Лейк-Чарльз бен Батон-Ружде жүздеген үйді су басқанын мәлімдеп: «Тасқын судан Лейк –Чарльздегі 400-ге жуық және Батон-Руждағы 300-ге жуық отбасы зардап шекті, бірақ бұл дерек әр сағат сайын өзгеріп отырады», - деген.
Ұлттық ауа-райы қызметіндегі синоптиктер аймақта жаңбыр көп жауады деп хабарлаған.