Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-та әскери оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады
09:20 / 2021-09-20

АҚШ-тың Техас штатында әскери оқу-жаттығу ұшағы тұрғындар қоныстанған үйлер үстіне құлады.

Reuters-тің хабарлауынша, апат салдарынан өлім жағдайы тіркелмеген. Ұшақта болған екі пилот шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. 

Лейк-Уорт қаласының өрт сөндіру бөлімі бастығы Райан Артурдың айтуынша, оқиға нәтижесінде үш үйге зақым келген, бірақ тұрғындар зардап шеккен жоқ. Ұшақ апатынан кейін аудандағы 44 үйде электр жарығы үзілген. 

Әзірше бүлінген үйлердің иелері уақытша басқа тұрғын үйлерге көшіп өткендігі айтылады хабарламада.