АҚШ-та ұшақ құлап, екі азамат қаза болды
АҚШ-тың Калифорния штатының Санти қаласында қос моторлы Cessna 340A жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ол штаттың тұрғындар қоныстанған ауданға құлап, жүк көлігі мен екі тұрғын үйге соғылған.
CNN-нің дерегінше, оқиға салдарынан екі адам қаза тапқан. Оның бірі UPS пошта қызметкері және Юма аймақтық медициналық орталығының бас дәрігері болған. Бұдан бөлек тағы екі азамат ауруханаға жеткізілді.

Ұшақ құлағаннан кейін бес үй өртеніп кеткені және сол маңға жақын болған бірнеше көлік өртенген.
Қазіргі кезде АҚШ федералды авиация басқармасы тергеу жұмыстарын бастаған.