АҚШ-та ұшақ мәжбүрлі түрде қондырылды
United Airlines әуе компаниясының ұшағы Денверден Лос-Анджелеске ұшу кезінде 11 шақырым биіктікте белгісіз нысанмен соқтығысқан. Осыдан кейін экипаж ұшақты шұғыл түрде қондыруға мәжбүр болған.
New York Post хабарлауынша, 1093-рейс ұшу сәтінде ұшақ Солт-Лейк-Сити қаласына төтенше жағдайда қондырылған.
Хабарда айтылуынша, оқиға кезінде алдыңғы жақтан соғылған белгісіз зат әуе кемесінің терезесіне айтарлықтай зақым келтірген. Тіпті соққы салдарынан ұшақ капитаны қолынан жарақат алған.
– Кейбір онлайн бақылаушылар соққының ғарыштық қалдық немесе метеоритке тиесілі болуы мүмкін екенін болжап отыр, – делінген хабарламада.