АҚШ-та ұшақ апатынан ұшқыш қаза тапты
АҚШ-тың Джорджия штатында жеңіл моторлы ұшақтың құлауы салдарынан ұшқыш қаза тауып, бір жолаушы жеңіл жарақат алды.
Полицияның мәліметінше, оқиға түнгі уақытта болған. Ұшақ Саванна қаласындағы тұрғын үйлердің үстінен ұшып бара жатып апатқа ұшыраған.
Қазіргі уақытта Федералды авиация басқармасы оқиғаның себебін тексеріп жатыр.