АҚШ-та шағын ұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты
Америка Құрама Штаттарының батысында шағын ұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты, екіншісі жарақат алды.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, оқиға Калифорния штатының батысындағы Сан-Рафаэль әуежайында сенбіге қараған түні болған.
Ұшқыштың жағдайы ауыр, жолаушы қайтыс болды, деп жазды Марин округінің шериф кеңсесі Twitter-де.
Құтқарушылар ұшақты әуежайдың ұшу-қону жолағына жақын орналасқан батпақтан тапқан. Ұшақ Невада штатының Минден қаласынан ұшып шыққан. Бортта ұшқышты қосқанда екі адам болған.