АҚШ-та құлдықтың аяқталуына арналған жаңа мереке пайда болады
Құрама Штат Конгрессмендері құлдықтың аяқталуын білдіретін АҚШ-тың жаңа мемлекеттік мерекесін бекітті. Ол Азаматтық соғыстан кейін Техастағы соңғы құлдар босатылған 1856 жылғы оқиға негізінде, 19 маусымда атап өтіледі.
ABC News хабарында, Заңның қабылдануы туралы Техастық қара нәсілді қоғамдастығының қорғаушысы Шейла Джексон Ли жариялады.
«Бұл күн азаттықты білдіреді» деген ол сөзінде.
Енді жаңа мереке туралы заң президент Джо Байденнің қол қоюын күтуде. Байден заңға қол қойған кезде 19 маусым ресми түрде құлдықтың аяқталуын білдіретін федералды мерекеге айналады.
Палатада заң мәтіні (415 дауыспен, 14-і қарсылық) Демократиялық және Республикалық көшбасшылардың қолдауымен қабылданған.
Juneteenth АҚШ-та бостандық күні, азаттық күні деп те аталады. Бұл 1865-1865 жылдардағы Азамат соғысы аяқталғаннан кейін құлдықта болған афроамерикалықтарды босатуды қамтамасыз ету үшін 1865 жылы 19 маусымда федералдық әскерлер Техас штатындағы Галвестонға келген күн саналады.