АҚШ-та қарлы боран салдарынан мыңдаған рейс тоқтатылды
АҚШ-та қарлы боран салдарынан 10 мыңдаған рейстер уақыты кешігіп жатыр.
Washington Post газетінің хабарлауынша, дүйсенбі күні ауа райына байланысты 5 мыңға жуық рейс тоқтатылған және 14 мыңға жуық рейс кешігіп жатыр.
Соңғы күндері АҚШ-та қарлы боран мен суық ауа райы салдарынан кем дегенде 26 адам қаза тауып, жүздеген мың адам жарықсыз қалды.
PowerOutage мәліметінше, жексенбі күні АҚШ-тың 250 мыңға жуық үйлері мен кәсіпорындары электр қуатынсыз қалған, олардың жартысы Нью-Йорк пен Мэн штатында.
Электрмен жабдықтау компаниялары ауа райының қолайсыздығына және осыған байланысты желілердегі жүктеменің артуына байланысты тұтынушылардан электр, газ және жылуды үнемдеуге шақырған.