АҚШ -тың Майами қаласындағы Legacy Tower ғимаратының құрылысы басталды. Биіктігі 182 метрлік ғимаратта пандемияда өмір сүруге барлық жағдай жасалатын болады.
GlobeNewswire басылымының хабарлауынша, ғимаратта 310 резиденция және 210-нан астам қонақүй бөлмелері нен бөлек 10 қабат денсаулық сақтау мекемелеріне беріледі. Атап айтқанда, аумағы 11 мың шаршы метрді құрайтын медициналық пункт болады. Ол «Blue Zones» медициналық орталығы деп аталады.
Биік ғимарат «Miami Worldcenter» кешенінің бөлігі болып, 55 қабаттан тұрады. Жалпы ғимараттың құрылысының жалпы құны 500 миллион долларға бағаланған.
Ғимараттың құрылыс материалдарында вирусты өлтіру технологиясын қолданады, үнемі желдету мен суды сүзу жүйесі жұмыс іспет, жиһаз микробқа қарсы материалмен қапталмақ.
«Бұл қонақ үйде, резиденциялар мен мұнаралары бар емдеу орталығы болады. Объект пандемияға дайын тұрмақ. Мүмкін сіз де болашақта осы жерден баспана табарсыз», - деген «Royal Palm Company» бас директоры Дэниэл Кодси.