АҚШ-та мектеп жанында атыс болып, оқушы қаза тапты
АҚШ-тың Миннесота штатындағы Ричфилд қаласында біреу мектеп маңында оқ жаудырған.
Қалалық полицияның хабарлауынша, 1 ақпанда болған атыс салдарынан бір оқушы қаза тапқан.
«Өкінішке орай, оқушылардың бірі алған жарақаттарынан қайтыс болды, ал екіншісі ауыр халде», - делінген хабарламада.
Оқ атқан қылмыскер оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі кезде полиция оның орнын анықтауда.