АҚШ-та мектеп бітірушілерге диплом тапсыру кезінде атыс болып, екі адам қаза тапты
Құрама Штаттардың шығыс бөлігіндегі Ричмонд қаласындағы Вирджиния Достастық университетінің кампусында атыс болып, екі адам қаза тапқан және бес адам жараланған.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, оқиға 6 маусым күні мектеп бітірушілерге диплом тапсыру кезінде болған.
Онда 19 жастағы жігіт мектеп бітірушілерге бітіру салтанатында оқ жаудырған. Жағдай шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін, жиналғандар көшеде отбасымен суретке түсіп жатқан кезде оқ атылған.
Оның салдарынан 18 жастағы мектеп бітіруші мен 36 жастағы ер адам қаза тапты. Полиция шабуыл жасаған адам қолға түскенін хабарлады.
«Біз күдікті құрбандардың кем дегенде біреуін алдын ала білген деп есептейміз», - деген қалалық полиция бастығының міндетін атқарушы Рик Эдвардс.