АҚШ-та коронавирустың гибридті штаммы анықталды
АҚШ-та коронавирустың екі штаммының бірігуінен туындаған жаңа гибридтік мутация анықталды.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, мутацияны Нью-Мексикодағы Лос-Аламос ұлттық зертханасының қызметкері Бетт Корбер анықтаған. Оның айтуынша, гибридті штамм вирустағы «британдық» және «американдық» мутациялардың қосындысының нәтижесі болып табылады.
Қазіргі уақытта гибритті мутацияны жұқтырған бір жағдай тіркелген. Бірақ мамандар мұндай жағдайлар бұдан да көп болуы мүмкіндігін жоққа шығармаған.