АҚШ-тың Пенсильвания штатының тұрғыны Трамптың жақтастарын басқарып, АҚШ Конгресінің ғимаратына басып кіру кезінде полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
5 мамырда Вашингтон соты Пенсильванияның 49 жастағы азаматын Капитолий төбесіндегі тәртіпсіздікке және 2021 жылдың қаңтарында АҚШ Конгресіне басып кіруге қатысқаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша шығарылған ең ауыр үкім.
АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге басып кірген күні айыпталушы топты бастап келіп, полиция қызметкерін орындықпен ұрған. Сонымен қатар, ол бұрын тәртіп сақшыларынан ұрлап алған көзден жас ағызатын газды полиция қызметкерінің бетіне шашқан. 2022 жылдың желтоқсанында ер адам қауіпті қарумен шабуыл жасағаны үшін, сондай-ақ күзетшінің жұмысына кедергі келтіріп, тыйым салынған ғимаратқа қауіпті қарумен кіріп, зорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Еске салар болсақ, 2021 жылдың 6 қаңтарында Дональд Трамптың жақтастары конгрессмендерге 2020 жылғы қарашада өткен президенттік сайлауда демократ Джо Байденнің жеңісін ресми түрде растауға жол бермеу үшін Капитолийге басып кірді. Осы оқиғалардың нәтижесінде 950 адамға айып тағылды. Қазірге дейін 600-ге жуық үкім шығарылды.