АҚШ Конгресіндегі ең ауқымды әрі маңызға ие кеңсе кешендерінің бірі – «Rayburn House Office Building» ғимаратында «Жаңа Өзбекстан: Шавкат Мирзиёев жолы» атты кітаптың ресми таныстырылымы өтті.
Мұндай мәртебелі орында өткен шараға көрсетілген айрықша назар оның саяси мән-маңызын арттырып қана қоймай, Өзбекстан мен АҚШ арасындағы диалогтың ең жоғары институционал деңгейде нығайып келе жатқанын көрсетеді.
Таныстырылымға АҚШ тарапынан 70-тен астам қонақтар – Мемлекеттік департамент пен Конгресс қызметкерлері, жетекші талдау орталықтарының басшылары, бизнес өкілдері, ғылым - мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ресми бөлімді Өзбекстан Республикасының АҚШ-тағы Елшісі Фурқат Сиддиқов пен Олий Мажлис Сенаты Төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафаев ашып берді.
Өз сөздерінде олар Президент Шавкат Мирзиёев басшылығымен елде әлеуметтік-экономикалық және демократиялық реформалардың жаңа кезеңі жүзеге асырылып жатқанын атап өтіп, аталмыш кітап осы тарихи үдерістердің жан-жақты талдауы ретінде бағаланатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Президент жанындағы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары, Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтының директоры Элдор Арипов пен сенатор Хусан Эрматов сөз алып, қазіргі реформалардың жүйелі әрі ауқымды сипатқа ие екеніне, олардың елдің мүлде жаңа келбетін қалыптастырып жатқанына назар аударды.
Жиынға қатысушыларға кітаптың негізгі мазмұны кеңінен таныстырылды. Кітап авторы – Өзбекстан Олий Мажлис Сенатының мүшесі, Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Қудратилла Рафиқов екендігі айтылды. Кітапта соңғы сегіз жылдағы реформалардың негізгі бағыттары мен кезеңдері қамтылып, олардың елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына ықпалы талданған.
Таныстырылымда сөз алған АҚШ-тағы жетекші академиялық алмасу ұйымдарының бірі – «American Councils» президенті Лиза Чоат Президент Мирзиёев саясатының басты бағыты ретінде білім беру мен жастарды қолдауға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, соңғы жылдары бұл салада бұрын-соңды болмаған институционалдық және заңнамалық өзгерістер жүзеге асырылды. Сондай-ақ, Өзбекстан мен АҚШ арасындағы халықаралық академиялық алмасулар сапа жағынан жаңа белеске көтерілгені атап өтілді.
«Caspian Policy Center» талдау орталығының атқарушы директоры Эфган Нифти өз сөзінде бұл кітап Өзбекстандағы реформалардың мән-мағынасын тереңірек ұғынуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ол Өзбекстан Басшысының демократиялық институттарды нығайтуға және белсенді сыртқы саясат жүргізуге бағытталған күш-жігері елдің халықаралық беделін арттыруға, өңірлік ынтымақтастық пен тату көршілік қатынастарын дамытуға қызмет етіп отырғанын атап өтті.
«Америка – Өзбекстан Сауда палатасы» атқарушы директоры Елена Сон Өзбекстан Президенті басшылығында ел экономикасында жүзеге асқан кең ауқымды өзгерістерге тоқталды. «Бизнес ортасын либералдандыру, инвестиция тарту, еркін экономикалық аймақтарды дамыту, жоғары қосымша құны бар өнімдер экспортын кеңейту секілді қадамдар ұлттық экономикаға жаңа серпін беріп, оның әлемдік нарыққа ықпалдасуын жеделдетті», -деп түйіндеді.
Бұл өз кезегінде америкалық компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер есігін ашып отырғанын, әсіресе энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар және авиация салаларындағы жобаларға қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.
«Boeing» авиақұрылыс корпорациясының сату жөніндегі директоры Марио Эбким Өзбекстанмен әріптестіктің стратегиялық маңызына назар аударды.
Ол Президенттің көлік инфрақұрылымын жаңғырту және авиация саласын дамытуға бағытталған қадамын жаңа жобаларды іске асыруға, әуе паркін жаңартуға және заманауи технологияларды енгізуге зор мүмкіндіктер туғызып отырғанын атап өтті.
«Diplomatic Watch» талдамалық журналының атқарушы директоры Винсент Готевбе Президент Ш.М. Мирзиёевтің жастар саясатына басымдық беруін жоғары бағалады. Оның пікірінше, Өзбекстанда жастар мемлекеттің стратегиялық қоры ретінде қарастырылып, бұл салада жүзеге асырылып жатқан реформалар елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына сеніммен қарауға негіз қалап отыр.
Таныстырылым аясында АҚШ ресми өкілдері, сарапшылар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен мазмұнды пікір алмасу өтті. Олар Өзбекстан Президенті Ш.М. Мирзиёев басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың маңызы мен екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдету келешегі жөнінде ой бөлісті.
Кітаптың электрондық нұсқалары Конгресс, талдау орталықтары және Вашингтондағы саяси шешім қабылдау үдерістеріне ықпал ете алатын топтарға кеңінен таратылды.
Шара, сондай-ақ, Өзбекстанның АҚШ-тағы имиджін одан әрі нығайтуға және халықтарымыз арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарды дамытуға қызмет ететін тиімді қоғамдық дипломатия үлгісі ретінде бағаланды.
АҚШ Конгресі ғимаратында өткен «Жаңа Өзбекстан: Шавкат Мирзиёев жолы» кітабының тұсаукесері Мемлекет басшысының бастамаларымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды талқылау және жоғары бағалау үшін маңызды пікірталас алаңына айналды.
«Diplomatic Watch» талдамалық журналының атқарушы директоры Винсент Готевбе Президент Ш.М. Мирзиёевтің жастар саясатына беріп отырған басымдықтарын жоғары бағалады. Оның пікірінше, Өзбекстанда жастар мемлекет дамуының стратегиялық қоры ретінде қарастырылуда, бұл салада атқарылып жатқан реформалар елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне сеніммен қарауға негіз болуда.
Таныстырылым аясында АҚШ ресми өкілдері, сарапшылар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен мазмұнды сұхбат та өтті. Олар Өзбекстан Президенті Ш.М. Мирзиёев басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың мәні және екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетудің болашағы туралы пікір алмасты.
Кітаптың электрондық нұсқалары Конгресс, талдау орталықтары және Вашингтондағы саяси шешім қабылдау үдерістеріне ықпал ете алатын топтарға кеңінен таратылды.
Шара, сондай-ақ, Өзбекстанның АҚШ-тағы имиджін одан әрі нығайтуға және халықтарымыз арасындағы ұзақ мерзімді байланыстарды дамытуға қызмет ететін тиімді қоғамдық дипломатия үлгісі ретінде бағаланды.
АҚШ Конгресі ғимаратында өткен «Жаңа Өзбекстан: Шавкат Мирзиёев жолы» кітабының тұсаукесері Мемлекет басшысының бастамаларымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды талқылау және жоғары бағалау үшін маңызды пікірталас алаңына айналды.
ӨзА