АҚШ-та ер адам полиция қызметкерін атып өлтірді
Американың Колорадо штатындағы Арвада қаласында атыс болып, үш адам, оның ішінде полиция қызметкері қаза тапты.
CBS Denver телеарнасының хабарлауынша, күдікті полиция қызметкері мен тағы бір адамды атып өлтірген, оның кім екендігі әлі анықталмаған. Көп ұзамай оқиға орнына басқа полиция қызметкерлері келіп, атыс бастаған адам оқиға орнында оққа ұшты.
Полиция қызметкерлері осы оқиғаға байланысты сол маңдағы күдікті көрінген автокөлікте жарылғыш зат бар жоғын тексерген. Бірақ көлікте азаматтар өміріне қауіп төндірер зат табылмағаны айтылады телеарна хабарында.