Америка Құрама Штаттары коронавирустың төртінші толқынымен бетпе-бет келіп отыр, деді, Миннесота университетінің профессоры, эпидемиолог Майкл Остерхольм.
Президент Джон Байденнің коронавирусы бойынша консультативтік комитет мүшесі Майкл Остерхольмның Fox News арнасына берген сұхбатында, «Менің ойымша, біз белгілі бір мағынада жаңа пандемияны бастан кешіп жатырмыз. Алайда жақсы жаңалық - қолданыстағы вакциналар вирустың жаңа түрлеріне, оның ішінде «британдық» штамға қарсы тиімді болуда», - деген.
Наурыз айының соңында АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының директоры Рошель Валенски COVID-19 ауруының көбеюіне байланысты АҚШ «белгілі өлім бағытқа» бет ағаны жайлы айтқан еді.
3 сәуірде әрбір бесінші американдықтың осы уақытқа дейін коронавирусқа қарсы толық вакцина егілгені туралы хабарланды. Вакцинацияға Pfizer/BioNTech және Moderna вакцинасының екі дозасы немесе Johnson & Johnson компаниясының бір дозалы препараты егілген.
Джонс Хопкинс Университетінің мәліметтері бойынша, пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 30,7 миллионнан астам адам коронавирусты жұқтырды. Ел науқастар саны бойынша әлемде бірінші орында. Елде бүгінге дейін 554 мыңнан астам жағдай өліммен аяқталған.