Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
АҚШ-та бесінші буын F-35 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
09:52 / 2022-10-20

АҚШ-тың Юта штатында бесінші буын F-35 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.

Құрама Штаттар Әуе күштерінің Солт-Лейк-Сити маңындағы Хилл әуе күштерінің базасында орналасқан 388-ші әскери-әуе күштері дерегінше, F-35 ұшағы ұшу-қону жолағының солтүстік шетіне құлаған.

Ұшқыш катапульта арқылы аман қалып, оның жағдайын тексеру үшін медициналық орталыққа жеткізілген. Қазірге апаттың себебі белгісіз, тергеу жүргізілуде.

Оқиға орын алған Хилл әскери базасы Солт-Лейк-Сити қаласының маңында орналасқан және контингенті мен аумағы бойынша АҚШ Әуе күштерінің екінші ірі базасы болып саналады.