Америка Құрама Штаттарында алғашқы сайлау учаскесі Нью-Гэмпшир штатындағы тұрғын мекенде ашылып, қайта жабылды.
CNN хабарлауынша, мұнда үміткерлер тең дауыс алған.
Вице-президент Камала Харрис пен бұрынғы президент Дональд Трамп Диксвилл-Нотч шағын қауымдастығында үш дауыстан алды. Бұл аймақ осылайша елде сайлау күнінің басталуын атап өтіп, өзіндік ерекшелігін көрсетті.
АҚШ-Канада шекарасына жақын орналасқан, қала мәртебесіне ие емес бұл қауымдастық сайлау учаскесімен 1960 жылдан бері әр сайлауда жергілікті уақыт бойынша түн ортасында ең ерте ашылып, дауыс беру аяқталғаннан кейін бірден жабылуымен танымал.
Дауыс тез арада саналып, нәтиже сол сәтте жарияланады. Бұл үдеріс журналистердің назарын үнемі аударып келеді. Бұл жолы Трамп пен Харрис бірдей дауыс жинағанымен, жергілікті төрт тұрғын өздерін Республикалық партия жақтастары деп санайды. Екі тұрғын болса ешбір үміткерді таңдамаған. 2023 жылғы мәліметке сәйкес, ауылда сайлауға қатысу құқығына ие болған тұрғындардың саны осы алты адамнан тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 5 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтуде. Мерзімінен бұрын дауыс беру әлдеқашан басталған, көптеген сайлаушылар өз таңдауларын пошта арқылы таңдап қойды.